Түріктер алғашқы ғарышкерін ұшырады
|
Түркия дүйсенбіде ғарышқа түрік ғарышкерін аттандыру бойынша америкалық Axiom Space компаниясымен келісім-шартқа қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде елдің өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Баранқының Twitter әлеуметтік желісіндегі жазбасына жөн сілтеген hurriyet.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Біз еліміздің 100 жылдығына орай жүзеге асырылатын түрік ғарышкерінің ғарышқа тұңғыш ұшуы туралы тарихи келісімге қол қойдық. Іріктеу жүріп жатыр, түрік ғарышкерін ұшуға дайындау және қызмет көрсету үшін Axiom Space компаниясымен ынтымақтасатын боламыз», деп мәлімдеді министр. Осы орайда 2021 жылы Түркия 2023 жылы басталатын ғарышкерлерді дайындау бағдарламасын іске асыру жоспарын жариялағанын естеріңізге сала кетпекпіз. Аталмыш жобаны жүзеге асыруға Түркия билігі шамамен 6 миллиард доллар бөледі, бұл оқиға Түркияның жаңа тарихындағы ең үлкен және ең өршіл жобалардың біріне айналады.