|
Тунистегі шөл даладан алып қолтырауын табылды
|
Адамзат үшін дүниенің шешілмеген жұмбақтары әлі көп сыңайлы. Тунисті зерттеу мақсатында іссапарға шыққан итальяндық ғалымдар елдің оңтүстігінен алып қолтырауынның сүйектерін тапты. Олардың айтуынша, бұл жануар осыдан 120 миллион жыл бұрын тіршілік еткен. Қолтырауынның ұзындығы 10 метр, салмағы шамамен үш тоннаға жуық болған екен, деп жазады gismeteo.ru. Палеонтологтар Machimosaurus rex деген атау берген қолтырауындар туралы Cretaceous Research журналында жарияланды. Ғалым Стивен Брусаттенің айтуынша, олар «дәл Тунистен қолтырауынның тасқа айналған сүйектерін табамыз» деп ойламаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Айдың Жерге қараған жағында қонақ үй пайда болады (видео)
■
Аштықтың алдын алу үшін зертханада ақуыз өсіріледі (видео)
■
Жапония бөгде түрден зардап шеге бастады
■
Бір ғана араб елі биологиялық басқыншылықтан жылына 5 млрд доллардан аса шығын көріп келеді
■
Марокконың қолөнер бұйымдарының экспорты жалпы экспорт бойынша екінші орынға шықты