Тірлігіне үлгеру үшін тәулігіне 30 минут ұйықтайтын адам белгілі болды (видео)
|
Бұл жайында islam.kz порталы интернет ақпарат көздері мен әлеуметтік желідегі деректерге сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жапонияның батысында орын тепкен Хиого префектурасының Дайсук Хори есімді тұрғыны тәулігіне бар-жоғы жарты сағат (30 минут) ұйықтауға қол жеткізген адам ретінде тарихта қалған тұлға. Жапон жігіті мұндай жетістікке жылдар бойы жаттығумен қол жеткізген. Нәтижесінде табаны күректей 12 жыл бойы тәулігіне 30-45 минуттан артық ұйықтамайды. Өмірде көп нәрсеге үлгеріп қалу үшін ұйқы уақытын қысқартуды алдына мақсат еткен жапон тұрғыны организімін біртіндеп бейімдеген. Десе де мұндай өмір салты әлі күнге зерттелмеген. Эволюциялық қажеттілікке жататын ұйқы организмнің тынығуы әрі денсаулықты сақтау үшін қажет. Шала ұйқы адам ғұмырын шамамен 10-15 жылға қысқартады. Осындай қатерге қарамастан 40 жастағы жігіт ағасы шаршау дегенді білмейді. Ол ол ма, 2016 жылы ол күншығыс елінде қысқа ұйқы бойынша жаттықтырушылар қауымдастығын құрып, ұйқы сапасын арттыру әдіс-тәсіліне машықтандырады. Тіпті, ұйқы сапасын арттыруға қатысты жаттығу нұсқауы қамтылған кітап та жазған.