|
Теңіз өнімдерін арттыруға қалай қол жеткізді
|
Оңтүстік Кореяның оңтүстік жағалауында өсірілген 12 балдыр орман-тоғайдың арқасында теңіз өнімдері артқан. Бұл жайында Yonhap News ақпарат көзі Korea Fisheries Resources Agency агенттігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Аталған агенттік есебіне сәйкес 2015 жылдан бастап Оңтүстік Кореяның оңтүстік жағалауына өсіріле бастаған 12 балдыр орман-тоғайының арқасында теңіз өнімдерін аулау екі есе артып, балық түрлерінің саны 1,4 есеге көбейген. Korea Fisheries Resources Agency мұнымен ғана шектеліп қалмай, биыл жаңа балдыр орман-тоғайын өсіруге тағы 3,9 млрд вон (3,46 млн доллар шамасында) инвестиция құймақшы. Оңтүстік кореяның Анджан, Йокман және Хвандже аралдары маңында 480 гектар жерге балдыр отырғызылатын болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)