Тағы бер ел арақашықтығы алыс емес елді-мекендер арасында жолаушылар ұшағына тыйым салайын деп жатыр
Тағы бер ел арақашықтығы алыс емес елді-мекендер арасында жолаушылар ұшағына тыйым салайын деп жатыр
1 жыл бұрын 809 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Испания билігі қысқа мерзімді ішкі рейстерге тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл бастама Испания премьер-министрінің 2050 жылға дейінгі бағдарламасына енгізілген. Бұл жайында islam.kz порталы planetofhotels.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Испания билігі мұндай қадамға авиасаладан атмосфераға бөлінетін зиянды заттар мқлшерін азайту мақсатында барып отыр. Осыған байланысты бұдан былай пойызбен 2,5 сағатта жетуге болатын барлық бағытта ұшақпен қатынауға тыйым салынады. Мәселен, Мадрид-Барселона және Мадрид-Валенсия рейстері жабылады. Жолаушылар есесіне жүрдек пойыздарды пайдалана алады. Соңғы бір жылда Барселона мен Мадрид арасында бар болғаны 630 шақырымды құрайтын 6000-ға жуық рейс орындалған екен. Бұл қашықтықты пойызбен шамамен 2,5 сағатта жүруге болады. Еуропалық қоршаған ортаны қорғау агенттігінің (EEA) есебіне сәйкес пойызбен саяхаттау ұшу арқылы сапарға қарағанда экологиялық жағынан бес есе дерлік зиянсыз келеді. Сарапшылардың пікірінше, егер саяхатшылар Мадрид-Барселона сапары үшін пойызды таңдаса, атмосфераға бөлінетін парникті газдың мөлшерін екі есе азайтады - 54 мың тоннадан 27 тоннаға дейін.

Ұқсас материал:

«Арақашықтығы алыс емес елді-мекендер арасында жолаушылар ұшағына тыйым салды» (https://islam.kz/kk/news/alem/araqashyqtygy-alys-emes-eldi-mekender-arasynda-jolaushylar-ushagyna-tyiym-saldy-18662/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат