|
Суықты сезбейтін адам
|
Ресейдегі бұқаралық ақпарат құралдары Шешенстанның суықты мүлдем сезбейтін тұрғыны туралы жарыса жазып жатыр. Ол осы қасиетімен Гиннес рекордтар кітабына енуі мүмкін. Мәселен, «LifeNews» ақпарат құралының хабарлауынша, Алхан-Юрт елді-мекенінің 56 жастағы тұрғыны Ибрагим Абдуллаевтың суықты сезбейтініне бірнеше жыл өткен. Жергілікті дәрігерлер оның бойындағы бұл өзгерісті қалай түсіндіріп бере алмай дал болуда: сырқат болса, бұл сырқаттың сыры неде? Немесе бұл қандай феномен? Ал Ибрагимнің өзі бойындағы бұл қасиетті «Құдайдың кереметі» санайды. «Қар борап жауып тұрса да көйлегімді ылғал шалмайды. Яғни, ылғалданса да денемнің қызуынан тез кеуіп кетеді. Көйлегім неғұрлым жұқа болған сайын соғұрлым тез кебеді»,- деді бес баланың әкесі атанған ол. Ал тәжірибелі дәрігерлер оның ағзасының мұндай ерекшелігін қандай да бір ауыр жарақат алғанының немесе жүйкесіне зақым келгендігінің салдарынан болуы мүмкін екенін пйтып отыр. Алайда, елуді еңсерген ер адамның өзі аязда жаурамай, керісінше сергіп қайтатынын тілге тиек етіп отыр. Оның зайыбы жұбайының тағы ерекшелігін жеткізді: электрмен дәнекерлеуде ол қорғаныш бетпердесін кимейтін болып шықты. «Мен онымен отасқаныма, міне, 25 жыл толды. Оған тұрмысқа шыққанымда оның мұндайы жоқ болатын. Мұның не екенін өзім де білмеймін. Ол тек көйлек пен шалбар ғана киеді. Оның қымбат әрі жылы тоны да, күртешесі де бар, ол бұларды кимейді», - деді ширек ғасыр отасқан күйеуі жайында Хамила Абдуллаева.