|
Сужүрек сарбаздар саптан қуылады
|
Нигерияның екі жүзге тарта әскери қызметкері «Боко Харам» экстремистік тобының содырларымен күресте дәрменсіздік танытқаны үшін шенінен айырылды. Бұл жайында «Интерфакс» ақпарат көзі хабар таратты. Ел билігін мұндай қадамға баруына өткен жылдың қазан айында Муби қаласын аталмыш топтың содырларынан қорғай алмағаны себеп болған. Нәтижесінде Нигерияның солтүстік-шығыс бөлігінің елеулі бөлігі содырлардың қолына өтіп кеткен еді. Әскерилердің батыл әрі табанды әрекет етпей бұғып қалғаны халықтың наразылығын тудырған болатын сол кезде. Ел билігі мұнымен ғана тоқтап қалмай жуық арада 4,5 мың адамды әскер қатарынан шығаруы мүмкін. Экстремистермен күресте қару-жарақтың жетіспеушілігі де әскерилердің батыл әрекет етуіне кедергі болғаны айтылуда.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті