SOS: Газа секторы «өмір сүруге жарамсыз» аймаққа айналуы мүмкін
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму мәселесіне арналған жиынында Газа секторына қатысты есеп берілді. Газа секторының қазіргі даму қарынына қарағанда, бұл аймақ енді бес жылдан кейін өмір сүруге жарамсыз өңірге айналуы мүмкін. Бұл жағдай өз кезегінде әлем қауымдастығын алаңдатып отыр. Бұл жайында британиялық Guardian ақпарат көзі хабар таратты.
Дағдарыстың ушығуына ең алдымен өткен жылғы Израилдің екі айға созылған «Мызғымайтын жартас» деп аталатын әскери жорығы мен басқыншы Израил тарапынан сегіз жылға созылған Палестинаны әлемнен оқшаулау саясаты себеп болған. Инфрақұрылым қираған, экономикалық байланыс үзілген. Нақтырақ айтқанда, «Мызғымайтын жартас» әскери операциясы кезінде жарты млн палестиналық босқынға айналған. Осының кесірінен бұл аймақта экономиканың негізгі тірегі саналатын орташа класс өкілдерінен ешкім қалмаған. Кедейліктің ең төменгі шегінде қалғандар халықаралық гуманитарлық көмекке зәру. Израилдің басқыншылық саясатынан жалпы ішкі өнім 15 пайызға кеміген. Жұмыссыздық деңгейі 44 пайызға артқан. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Газа секторы тұрғындарының 72 пайызының күнделікті ас-ауқатын айыруға жағдайы жоқ. Яғни, азық-түлік тапшылығы осынша пайызға өскен. Экспорттық әлеуетінен айырылған. Инфрақұырылымды қалпына келтіру жұмыстары да көңіл көншітпейді.
Әзірлеген: Тимур Шарафиев