Солтүстік Македония көмірден бас тартпақ
Солтүстік Македония көмірден бас тартпақ
5 ай бұрын 856 inform.kz Еркежан Смағұлова

KAZINFORM— Солтүстік Македонияның негізгі энергия көзі - көмір. Осыған орай, қыста электр қуаты мен жылуға деген қажеттілік артқан кезде елдің бірнеше елді мекені Еуропадағы ең лас қалалардың ондығына кіреді, деп жазады Euronews.

Елдің оңтүстігіндегі Битол жылу электр орталығы Солтүстік Македонияның электр энергиясына деген қажеттілігінің үштен екісін қамтамасыз етеді. Бұл зауыт 2032 жылға қарай жаңартылатын энергия көздеріне бейімделуі керек. Бұл Солтүстік Македонияның ЕО-ның «Жасыл күн тәртібі» бойынша міндеттемесіне кіреді.

— Біз қазірдің өзінде елдің бірнеше өңіріндегі күн электр станцияларына инвестиция салдық. Бірақ бұл бүгінгі жылу электр станциялары беретін энергиямен салыстыруға жеткіліксіз. Сондықтан бірнеше шағын атом электр станцияларын салу жоспарланып отыр, - деді энергия тиімділігі жөніндегі маман Драган Видановский.

Өткен аптада Солтүстік Македония Еуропа қайта құру және даму банкімен келісімге қол қойып, оған 26,4 миллион еуро бөлетін болды. Бұл қаражат «жасыл энергетикаға» көшуге бағытталуы керек.

Сонымен қатар, шығыстар тізіміне мемлекетке жаңа энергетикалық жүйелерді басқаруға қажетті мамандарды дайындауға көмектесетін білім беру орталығын құру кіреді.

— Бізге энергетиктер, ядролық физиктер, сондай-ақ IT инженерлері қажет, өйткені бүкіл жүйені компьютерлер басқаратын болады. Бұл орталық осындай кадрлармен қамтамасыз етеді деп үміттенемін», - деп қосты Драган Видановский.

0 пікір
Мұрағат