Солтүстік Кореяда ажырасқандарды қатаң жаза күтіп тұр
|
Солтүстік Кореяда хот-догты дайындауға және сатуға, сондай-ақ, ерлі-зайыптылардың ажырасуына қатаң тыйым салынды. Бұл тыйымды елемегендер жаза күтіп тұр. Бұл жайында islam.kz порталы The Sun ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хот-дог батыс елдерінде кеңінен танымал жеңіл тағам түріне жатады. Дәлірегі аталған авторитарлық ел көсемі Ким Чен Ынның айтуынша, бұл тағамның түп-төркіні ядролық бағдарламасына байланысты Солт. Кореяны санкция мен экономикалық шектаулер құрсауында қалдырған батыс қоғамына барып тірелетіндіктен мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына қайшы келеді. Бұдан былай аталған тағамды әзірлеп, сату немесе тұтыну ауыр қылмыс есебінде қарастырылады. Жергілікті тұрғындар ендігі жерде “будэ-чжиге” деп аталатын, шұжық пен бұқтырылған ет қосылатын, корей-америкалық ашшы тағамды әзірлеуге әрі тұтынуға және саудаға шығаруға тыйым салынған. Бұл тағам түрі Солт. Корея аумағында 2017 жылы Оңтүстік Кореядан келген еді. Енді ажырасу процедурасына келсек, бұрын ажырасуға өтініш берген жақ қана кінәлі деп танылып, жазаланатын. Ендігі жерде ажырасуға бел буған ерлі-зайыптының екеуі де қатар жазаланады – алты айға дейін еңбек лагеріне жөнелтіледі. Ажырасу –социалистік қоғамның атрибуты саналатын әлеуметтену саясатына қарсылық ретінде танылады, Солт. Корея идеологиясына қайшы келмек. Жаңа ереже талаптары осы уақытқа дейін 12 адамға қолданылды: Кимшонсук округында таяуда он екі адам еңбек лагеріне аттандырылды. Сот пәрменімен. Жазаның күшеюі мен қоғам талқысына қарамастан Солт. Кореяда ажырасу белең алып келеді. Бұған ең алдымен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы, яғни, жоқшылық себеп болып отыр.