Швецияда Құрбан айтта Құранды өртеуге рұқсат берілді
Швецияда Құрбан айтта Құранды өртеуге рұқсат берілді
2 жыл бұрын 1077 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Loredana Sangiuliano / Globallookpress.com

Швед полициясы Стокголм бас мешітінің маңындағы Содермалм аралында қасиетті Құранды өртеу науқанына ресми рұқсат берді. Құрбан айт күндерінде. Осылайша мұсылмандардың ар-намысына тиіп, исламофобтардың шер тарқатуына мүмкіндік беріліп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Bloomberg іскерлік дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сәл шегініс: Солтүстік-Атлант саяси-әскери одақтың белді мүшесі Түркия Ресейдің Украинаға басқыншылығына байланысты әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси ахуалға орай Швеция мен Финляндияның НАТО құрамына өтуге қатысты өтінішін жартылай қанағаттандырған еді. Дәлірегі, Финляндияның аталмыш ұйымға енуіне рұқсат бергенімен Швецияның күрд сепаратистерін паналатуына байланысты бұл өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан болатын. Осыған байланысты Швеция астанасындағы Түркия елшілігі алдында Расмус Палудан бастаған оңшыл әрі солшыл күштер қасиетті Құранды өртеп, наразылық білдірген еді. Швед полициясы халықаралық жағдайдың ушығуына жол бермесі үшін әрі ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мұндай исламофобиялық актілерге тыйым салған болатын. Алайда, швед соты полицияның бұл тыйымын заңсыз әрі негізсіз деп тауып, мұндай акцияларға рұқсат етіп отыр. Дәлірегі, швед радикалдары сотта екі процесте жеңіп шықты. Ал Швеция премьер-министрі Улф Йалмар Кристерссон мұндай акцияның заңға томпақ келетін тұсы жоқ екенін айта келе адамгершілік тұрғысынан орынсыз екенін ескертті.

0 пікір
Мұрағат