Швецияда алғаш рет Құран өртеген адамды соттады
Швецияда алғаш рет Құран өртеген адамды соттады
1 жыл бұрын 4205 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Швецияның Линкёпинг бірінші инстанция соты қасиетті Құранды өртеп, оны таспаға тартып алып, интернетке жариялаған адамға үкім шығарды. Бұл - Швецияда этникалық және діни араздықты қоздыру бабы бойынша мұндай әрекетке жасалған алғашқы үкім болды, айыпталушыға шартты түрде жаза кесілді, айыппұл салынды. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шведтердің бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл елде сот қасиетті Құранды өртеу акциясы ұлтаралық араздықты қоздыру қылмысына алғаш рет жатқызылып отыр.

Осы орайда таспаға тартылған көріністе 2019 жылы Жаңа Зеландиядадағы мұсылмандарға қарсы терактіге, дәлірегі, 51 адам қаза тапқан Крайстчерч мешітіне жасалған шабуылға байланысты музыка қолданылған. Таспаға тартылған көріністе қасиетті Құран грилде қақталған беконмен (доңыз еті) бірге отқа жағылған, оның астында мұсылмандарды қорлайтын жазуы бар қағаз парақтары болған. Құранның бүлінген көшірмесі мен беконды Линкёпинг қаласындағы мешіттің маңында қалдырып кеткен. Швецияның Aftonbladet мерзімді басылымы ер адамның шартты түрде сотталғанын және «Қылмыс құрбандары қорына 800 крон (шамамен 73 доллар – ред.) төлеуі қажет» деп жазды.

0 пікір
Мұрағат