Шартарап: Қалада жалғыз тұрғын қалған (видeо)
|
«Фукусима» атом электр стансасындағы радиациялық апатқа 5 жыл болды. Жергілікті билік жақын маңайда орналасқан елді мекендер мен қала халқының қалыпты тіршілік етуіне жағдай жасап жатыр. Алайда оған елдің бәрі көнер емес. Қаңыраған көше, қираған ғимараттар. Кезінде 16 мың халқы бар Томиока қаласының бүгінгі кейпі осы. Фукусима стансасынан 12 шақырым қашықтықта орналасқан шаһар тұрғындары 5 жыл бұрынғы апаттан кейін шұғыл түрде эвакуацияланған болатын. Жақын маңайдағы елді мекендерді қосқанда, мұнда бас-аяғы 100 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген. Күншығыс елі билігінің айтуынша, келесі жылдың көктеміне дейін шаһардағы радиациялық көрсеткіш қауіпсіз деңгейге дейін төмендеуі тиіс. Сондықтан тұрғындарға қорықпай-ақ бұрынғы баспаналарына қайтып оралуына болады. Алайда биліктің бұл жоспарымен келісетіндер некен-саяқ. Алайда Томиокада қауіпті болса да өз үйі өлең төсегін қиып кете алмаған жалғыз тұрғын өмір сүреді. Ол – Наото Матцумара. Фукусимадағы апаттан кейін жұрт ошарыла көшкенде, ол малдарын қимай, осында қалған. Бүгінде Ноато қаңырап қалған қалада жалғыз өзі түтін түтетіп отыр. Науто Матцумара, Томиока қаласының тұрғыны: - Халықтың қайтып оралуына кедергі болып отырған басты мәселелердің бірі – психологиялық қиындықтар. Радиоактивті қалдықтарды көрген жұрт еш алаңдамай өмір сүре алады деуге болмайды. Олар өздерін қауіпсіз сезіне алмайтыны анық. Қазір қаңырап қалған қалада залалсыздандыру және қалыпқа келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Алдағы уақытта мұнда Халықаралық ядролық зерттеу орталығын құру жоспарда бар. Билік шаһарда жаңа жұмыс орындарын ашуды да көздеп отыр. Алайда, мұның бәрі халықты қаншалықты иландыра қоятыны әзірге белгісіз.
Телемұнараға сақтандырусыз өрмелеген жігіт
Ғаламторда 475 метрлік телемұнараға өрмелеп шыққан жігіт туралы ролик пайда болды. Айта кету керек, экстремал мұнша биіктікке ешбір сақтандырусыз шығыпты. Оның мұнараға шығуына 2,5 сағат, ал төмен түсуіне бір жарым сағат уақыт кеткен.