Шартарап: Өзбекстан балалар тағамына ГМО қосуға тыйым салады
|
Өзбекстанда биыл генетикалық өзгеріске ұшыраған ағзалар бар өнімдерді елге әкелу мен тұтынуға шектеу қойылады.
22 ақпанда ел президенті Ислам Каримовтың осындай шараларды көздейтін жарлығы жарияланды.
СА-News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан президенті Ислам Каримов 9 ақпанда «Дені сау ана мен бала жылы» мемлекеттік бағдарламасын бекіткен. Ол бойынша «Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» заңға балалар тағамында ГМО қолдануға тыйым салатын өзгерістер енгізіледі.
Өзбекстан үкіметі заңға генетикалық түрі өзгеріске ұшыраған ағзалар қосылған азық-түлікті елге әкелу мен тұтынуды шектейтін түзетулер қабылдауды ойластыруда.
ГМО адам ағзасына зор зиянын тигізеді. мұндай өнім қан айналымы мен қан түзілуін бұзады. Гендік өзгеріске ұшыраған өнімдерді жиі тұтынатындар онкологиялық дертке көбірек шалдығады. ГМО-ның тағы бір қауіпі, адам ағзасына дәрі-дәрмек әсер етуден қалады. Яғни, гендік өзгеріске ұшыраған ағза қосылған өнімдерді тұтынатын адамды кез-келген аурудан емдеп алу өте қиынға соғады.
Түрмені босату үшін 8000-нан астам жазасын өтеуші еркіндікке жіберілді
Никарагуа билігі елдегі түрмелерді босату үшін 8 мыңнан астам сотталғанды еркіндікке жіберді. Себебі қылмыскерлер тым көбейгені соншалық абақтыға сыймай жатыр. 2014 жылдан басталған шараға сәйкес 5 жылға дейін сотталғандар босатылған. Олардың арасында 94 шетелдік бар. Бұлар мерзімді жазасын енді өз елінде өтейді. Қазір Никарагуа түрмелерінде қанша тұтқынның бары белгісіз. Осы елдегі адам құқығы жөніндегі үкіметтік емес ұйымның мәліметі бойынша өткен жылы жазасын өтеу орындарында 10 жарым мың адам болған. Бұл көрсеткіш түрмелердегі орын санынан 2 есеге артық.