Шағын бизнес жалпы ішкі өнімнің 60%-ын құрайтын түркі елі
Шағын бизнес жалпы ішкі өнімнің 60%-ын құрайтын түркі елі
5 жыл бұрын 2204 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанның шағын бизнесі жалпы ішкі өнімнің 60 пайызын, өнеркәсіп өнімдерінің үштен бірін, ауыл шаруашылық өнімдерінің 98 пайызын құрап отыр. Сондай-ақ, инвестицияның жартысын қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда. Бұл жайында шағын бизнесті дамытуға арналған, аталған ел президенті Шавкат Мирзеевтің өзі жетекшілік еткен жиында айтылды. Осы жиыннан белгілі болғандай, кей облыстардағы шағын бизнестің экспорттағы үлесі 90 пайызға жетіп жығылады. Соңғы алты ай ішінде кәсіпкерлер саны 60-ға дейін көбейген. Сөз орайы келгенде айта кету керек, аталған елде кәсіпкерлік қызметтің дамуына қолдау білдіру мақсатында министрлер кабинеті жанынан мемлекеттік қор құрылған болатын. Бұл қорға 200 млрд сум (бір долларға шаққанда сумның бағамы - 8600 сум) әне 50 млн доллар бөлінген болатын. 

0 пікір
Мұрағат