|
Сауд Арабиясы дәстүрлі дінге оралады
|
Сауд Арабиясы радикализмнің алдын алу үшін саяи қайта құрылымдау реформасын қолға алады. Мұрагер ханзада әрі елдің қорғаныс министрі, вице-премьер Мұхаммед бин Салманның өзі дәстүрлі исламға оралатындарын жария етті. Бұл жайында "әл-Арабия" ақпарат көзі хабар таратты. "Біз бұрынғы қалпымызға қайта ораламыз - дәстүрлі исламға. Біз экстермистік идеяға тағы 30 жылымызды сарп етпейтін боламыз, біз оны жоямыз",- деп мәлімдеді ол. Айта кетейік, 1992 жылы қабылданған конституцияға (осы елдің негізгі низамы) сәйкес Сауд арабиясының діні - ислам, конституциясы - Құран мен Сүннет болып бекітілген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Таяу Шығыста террористік ұйым деп танылған қозғалысқа Белгияда басқаша баға берілді