Сауатсыздықпен күресуді төрінен көрі жақын қарттарды партаға отырғызудан бастады
|
Саудия билігі елдегі сауатсыздықпен жаппай күресті бастап жіберді. Сауатсыздықты жою үшін қоғамны барлық мүшесін, соның ішінде, төрінен көрі жақын қалған қарттарды да мектеп партасына отырғызып жатыр. Тарқатып айтсақ, аталған елдің оңтүстігінде орын тепкен Хаил провинциясында ұзын саны 1564 қарт адамды (ерлер мен әйелдерді қоса есептегенде) сауатсыздықты жою курсында дәріс алып жүр. 791 әйел мен 773 ер адам аталмыш провинцияның әр жерінде орын тепкен 28 оқу орталығында сауат ашып жүр. Ақсақалдар қаріп танып, жазу-сызуды және есетпу амалдарын үйреніп жатыр. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Бұған қоса, қарттар ислам ақидасынан дәріс алады. Сауатсыздықты жоюға бағытталған бағдарлама директоры Хумуд бин Наиф әл Әлінің айтуынша, аға буын жаздық курста белсенділік танытып жүр. Ал әйелдер курсының жетекшісі Мунира әл Мажһади саудиялық әжелер жазу-сызуға ынта танытқан.