Сарапшылар содырлардың ендігі кезекте қай елде сойқан салатынын айтып берді
Сарапшылар содырлардың ендігі кезекте қай елде сойқан салатынын айтып берді
6 жыл бұрын 3308 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Америкалық National Interest ақпарат көзі хабарлағандай, Сирия мен Шам жерінде ойына келгенін істеп, ойран салған содырлардың келесі "отаны" Иорлдания болуы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша. Иордания – халықаралық терроризммен күресте АҚШ-тың негізгі одақтастырың бірі болғанына қарамастан содырлар қатарында иорданиялықтар қарасы үшінші орында тұр. Сарапшылардың есебінше, содырлардың арасында үш шамамен үш мың иорданиялық азамат бар. Бұдан бөлек, Иорданияда жұмыссыздық секілді әлеуметтік проблема қордаланып, жалған діни ағым өкілдері көбейіп кеткен. Сондай-ақ, аталған ел аумағындағы 658 мыңға тарта сириялық босқындар да қауіп төндіріп тұр. Олар ел билігінің өздеріне жеткілікті көңіл бөлмегеніне наразылық ретінде содырлардың қатарын толықтыруы мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат