Ресей православ шіркеуі «Цифрлы имам» жобасынан қауіптенеді
Ресей православ шіркеуі «Цифрлы имам» жобасынан қауіптенеді
9 күн бұрын 928 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей православ шіркеуінің (РПШ) өкілдері «цифрлы имам» секілді технология уақыт өте келе священниктерді жұмыссыз қалдыруы мүмкін екенін мәлімдеді, дәлірегі, жасанды зерденің тәлімгердің орнын басу ықтималдылығы барын жоққа шығармайды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шіркеудің қоғаммен өзара байланыс жөніндегі синодалды бөлімінің жетекшісінің орынбасары Вахтанг Кипшидзе "Орыс шіркеуінің пайымдауынша, тәлімгерлік қызметі машинамен қарым-қатынасты алмастыра алмайды. Бүгінгі таңда адамдардың мемлекеттік басқарудағы, бизнестегі, қызмет көрсету саласындағы коммуникацияларды цифрландыруға байланысты өзара қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері әлдеқайда аз ", деп мәлімдей келе ғибадатхананың адамдармен қарым-қатынас жасайтын орын болып қалатынын тілге тиек етті. Таяуда Башқұртстанда күллі Ресей Федерациясында алғашқы болып «цифрлы имам» жобасы енгізілген еді. «Цифрлы имам» қолданбасы немесе қосымшасы намаз уақыттарын, құбыланы анықтауға көмектесіп, өзге де түрлі пайдалы ақпараттарды береді. Екі аптаның ішінде 800 мың рубл садақа жинаған функцияда жамағатты толғандырған сұрақтарға жауап іздейтін «Сауалдар мен жауаптар» айдары іске қосылады. Жасанды зердеге ислам негіздері мен қағидалары, шариғат талаптары, т.б. оқытылады. Осы үйренгендерінің негізінде қосымшаны пайдаланушының сауалдарына жауап береді. Ал күрделі сауалдарға имамның өзіі жауап қатады. Аталмыш жоба немесе виртуалды көмекші имамдардың қызметін жеңілдететін болады.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4