Қытайдан табиғатта қоры жағынан екінші тұрған сирек кездесетін элементтер табылды
Қытайдан табиғатта қоры жағынан екінші тұрған сирек кездесетін элементтер табылды
2 сағат бұрын 45 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай геологтары ел аумағынан, дәлірегі, оңтүстік-батыс аймағынан күллі әлемде қоры жағынан екінші орында тұрған табиғатта сирек кездесетін жеңіл элементтер кенін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Қытайдың орталық теледидары таратқан хабарға жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш кеніш Сышуан провинциясына қарасты Маонюпин таулы өңірінде орналасқан. Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде 9,66 млн тонна тартатын табиғатта сирек кездесетін оксид элементі табылған. Жалпы осы аудандағы дәлелденген табиғатта сирек кездесетін металдар қоры 300%-ға артқан. Оксид элементі осы күнгі өнеркәсіпте және жоғары технологиялы өндірісте кеңінен пайдаланылады. Бұдан бөлек, Маонюпинде флюорит (27,14 миллион тонн) және барит (37,23 миллион тонн) табиғатта сирек кездесетін минералдар табылып отыр. Флюорит өнеркәсіптегі фтордың негізгі қайнар көзі болса, барит мұнай өндірісінде қолданылады. Сарапшылар бұл өлкедегі оксид қоры Ішкі Моңғолия автономды ауданындағы Баян-Оба тау-кен орнындағы қордан кейінгі ірі кен орны екенін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат