Қытайдан кейін Үндістан да ислами жер-су аттарын өзгертуге көшті
Қытайдан кейін Үндістан да ислами жер-су аттарын өзгертуге көшті
6 жыл бұрын 3129 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайдан кейін дейтініміз, естеріңізде болса, осыдан екі апта бұрын қытайдың Нинся аймағының аумағында ағып жатқан өзеннің тарихи "Аий" атауын "Дианнонг" деп өзгерткені турасында хабар таратқан едік. "Аий" Пайғамбарымыздың (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жары Айшаның есімін еске түсіретіні үшін. Яғни, жергілікті шолақ белсенділер ислами атауларға шүйлігіп, ел аумағында исламды еске түсіретін бірде-бір белгі қалдырмауға бел буғанын айтып өткенбіз. Көп ұзамай үнді радикалдары Қытайдың шолақ белсенділерінен асып түсіп, тұтас бір қаланың атауын өзгертті де тастады. Бұл арада билк басындағы үнді ұлтшылдарының ұйғарымымен Уттар-Прадеш штатына қарасты Аллахабад қаласының атауын индус наным-сенімінде, дәлірегі, санскриттен аударғанда Брахмаға (құрбан шалу орны" деген мағына беретін Праяградж деп өзгертілді. Бұл жайында The Guardian ақпарат көзі хабар таратты. Үндістан астанасынан оңтүстік-шығысқа қарай 650 шақырым қашық орналасқан Аллахабад қаласының тарихы тым тереңде жатыр әрі мұсылмандармен тығыз байланысты. Сөз орайы келгенде айта кеткен жөн, бір жарымға жуық тұрғыны бар бұл қаланың атауы 1583 жылы моғол билеушісі Әкбардың өзі қойған еді. Арабша Алла, парсыша - абад, яғни, "Алланың бағы" мағынасын беретін қаладан Үндістанның үш премьер-министрі шыққан құтты мекен. Алғашқы премьер Жавахарл Нерудің туған қаласы. Бұл қаланың атауын өзгертуге күш салған индус уағызшысы Йоги Адитьянатх ақыры дегенінен жетіп тынды. Бұдан бөлек, Үндістандағы мұсылманша жер-су аттарының өзгертілуі бір бұл емес. Моғол-Сарай теміржол бекетінің атауын Даял Упадхьяй деп өзгерткен еді. 

0 пікір
Мұрағат