Қытайда криптовалютаға не үшін тыйым салынды?
Қытайда криптовалютаға не үшін тыйым салынды?
7 жыл бұрын 3173 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі криптовалюта нарығына бақлауды күшейтпек. Bloomberg ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, ел аумағында, яғни, ішкі биржаларда биткоинмен және өзге де виртуалды валюталармен сауда жасауға толық тыйым салуды көздеп отыр. Тарқатып айтқанда, аталған тыйым тек ішкі биржаларға ғана қатысты, биржадан тыс саудаға шектеу қойылмаған. Аса ірі әрі танымал болып үлгерген OKCoin, BTCChina және Huobi криптовалюталық биржалар әзірге жоғарыдан тыйым салынбағанын алға тартып отыр. Десе де сарапшылардың айтуынша, "шифрлі" ақша әлем нарығының дамуын тежейді. Қытайдың үлесі әлем бойынша биткоинмен байланысты транзакциясы шамамен 23%-ды құра отыр. Өткен аптада Қытайдың халық банкі ICO-мен (криптовалютада қаражат тарту) байланысты барлық мәмілені заңнан тысқары деп жариялады. Ұлттық банк мамандарының айтуынша, криптовалюта қалыптасқан экономикалық және қаржылық тәртіпті бұзады, ол ол ма, кей ұйымдар криптовалютамен алаяқтыққа барған. Қытайда криптовалютаға тыйым салынаты жөнінде хабар тарасымен биткоин күрт арзандай бастады. Жексенбіде, яғни, қыркүйектің 10-ы күні электронды ақшаның бағамы екі аптаның ішінде ең төменгі деңгейге түскен - 3977,84 доллар. Ал қыркүйектің 3-і күні бұл көрсеткіш рекордтық деңгейге жеткен еді - 5 мың доллар. 

0 пікір
Мұрағат