Қытайда эротикалық видео көргендер қамауға алынды
|
Қытай полициясы екі ай бойы жүргізген рейдтік шараларының нәтижесінде ондаған мың адам қамауға алынды. Оларға эротикалық видео көріп, интернет арқылы құмар ойындар ойнаған деген айып тағылып отыр. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі BAQ.KZ порталына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, тәртіп сақшыларының назарына 30 мыңнан астам адам іліккен. Бір ғана Гуандун провинциясында 15 желтоқсандағы жағдай бойынша қамауға 3014 адам алыныпты. Тағы 8 мың адам полиция тергеуінде.
Хуэйчжоу қалалық округінде жүргізілген рейд барысында онлайн-казиноның бар екендігі де анықталып отыр. Оның айналымы 30 миллион юаньді құраған.
Сарапшылардың сөзіне сенсек, қытайлықтар эротикалық видео көру жағынан әлемде бірінші орында тұр екен. Орташа есеппен әрбір қытайлық күніне 14 минут 34 секунд ересектерге арналған осынау видеоны көреді.
Ал, Қытайдан кейінгі орындарда Филиппин, Непал, Оңтүстік Корея, Нигер, Буркина-Фасо, Того, Бенин, Камерун, Сенегал, Ботсвана және Мадагаскар сынды елдер тұр.