Қытайда Дін мен киберқауіпсіздік бойынша жаңа ереже қабылданды
Қытайда Дін мен киберқауіпсіздік бойынша жаңа ереже қабылданды
3 жыл бұрын 1750 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі «діни ақпараттарды тарататын желілік қызметті және наным-сенім бостандығына кепілдік беруді стандарттауға бағытталған» интернеттегі діни қызметтерді ұсынауды әкімшіліктендіру жөнінде шаралар қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы Global Times қытай ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша Қытай билігі Киберқауіпсіздік туралы заң мен Дін істері жөніндегі ереже негізінде жаңа ереже қабылдап отыр. Аталмыш құжат талаптарына сәйкес қытай аумағында діни бағытта онлаин қызмет ұсынатын кез келген жекелеген тұлға немесе ұйым дін істері жөніндегі жергілікті департаментке өтініш беруі тиіс. Рұқсат алуы үшін. Тек құзырлы орындар тарапынан арнайы рұқсат алғандары ғана діни насихатын жүргізе алады интернет кеңістігінде. Ең басты талап: діни қызмет ұсынатын мұндай тұлға немесе ұйым нақты аты-жөнін, нақты адресін көрсетуі тиіс. Бұл талаптар (тіркелмеген, жасырын жолмен дін насихаттағандар) орындалмаған жағдайда ондай сайттар бұғатталады. Ал сарапшылар не дейді? Олардың айтуынша, интернетті пайдаланып, діни уағыз жүргізетіндер мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін ақпарат таратумен айналысуы мүмкін. Қытай билігінің бұл қадамы елдегі діни ахуалды реттеу үшін қолға алған кезекті шараларының бірі ретінде аталғанымен түбінде жаппай қытайландыру саясаты жатқанын алға тартады наразы топтар. 2016 жылы басталған, экстремизмді желеу етіп,  барлық дінді бірегейлендіруді мақсат еткен науқан әлі аяқталмаған, дейді сарапшылар.

0 пікір
Мұрағат