Қытай сағатына 10 трлн киловатт өндірген алғашқы ел атанды
Қытай сағатына 10 трлн киловатт өндірген алғашқы ел атанды
9 ай бұрын 1110 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың ұлттық статистикалық бюросы «Қытай халық республикасының ұлттық экономикалық және әлеуметтік дамуының статистикалық бюллетенін» жариялады. Онда электр энергиясын өндіруге қатысты дерек бар. Бұл жайында islam.kz порталы stats.gov.cn ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша адамзат тарихында алғаш рет аталған ел сағатына 10 трлн килловатт өндіріп, әлемде бірінші орыннан көрінген. Қытайдың статистикалық бюросының мәліметінше, жылу электр стансаларының (ЖЭС) үлесіне Қытайдың барлық электр энергиясының 63,19%-ы тиесілі, екінші орында (32,34%) – жаңғыртпалы энергия көздері (күн, жел және су электр стансалары), ал атом энергиясының үлесі бар болғаны 4,47%-дан аспады. Соған қарамастан, ҚХР әлемдегі атом реакторларын жыл сайын іске қосатын  жалғыз ел.

0 пікір
Мұрағат