Қытай мектебінде тәртіп бұзған оқушыларды жазалаудың қатаң шаралары енгізіледі
Қытай мектебінде тәртіп бұзған оқушыларды жазалаудың қатаң шаралары енгізіледі
9 ай бұрын 1133 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың оңтүстігіндегі жекеменшік мектеп әкімшілігі ата-аналарға ережені таныстырған: тәртіп бұзған, мұғалімді сыйламаған, әлімжеттік жасаған, үй тапсырмасын орындамаған, сабақ үстінде ұйықтау, т.б. жат әдеттерімен көзге түскен оқушылардың алақанына дүре соғу немесе бірнеше сағат бұрышқа тұрғызып қою секілді қатаң жазалар қолданылатыны ескертілген екен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде South China Morning Post (SCMP) мерзімді басылымына жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ережеде тәртіпсіз оқушыларға жаза қолданылғанда алақанына он рет дүре соғу, екі сағатқа дейін бұрышқа тұрғызып қою шаралары қарастырылған. Мектеп әкімшілігінің пікірінше, мұндай қатаң шаралар оқушыларды тәртіпті болуға, сабақ үлгерімін жақсартуға, заңды сыйлайтын азамат болып өсуіне ықпал етеді. Егер ата-аналар мұндай ережемен келіспесе, баласын басқа білім беру орталығына немесе ордасына ауыстыруы тиіс.

0 пікір
Мұрағат