Қытай халқының саны бір жылда бір миллионнан астам адамға азайды
|
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қытай халқы 1,39 млн адамға азайып, 1,4 млрд-тан сәл асатын деңгейге жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің мемлекеттік статистикалық басқармасы келтірген дерекке жөн сілтеген Lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылы Қытайда 9,54 млн адам дүниеге келген екен, ал өмірден озғандары туу көрсеткішінен асып түскен – 10,93 млн. Туу көрсеткіші 1,6 пайызға төмендеген бұл елде 65 жастан асқан азаматтардың саны артқан –220 млн-ға жуық. Еңбекке қабілетті халықтың үлесі шамамен 61 пайызды құрады. Осылайша, Қытай халқының саны 2022 жылдан бері үшінші жыл қатарынан азайып келеді. Дегенмен, 2023 жылы қытай халқы екі миллионнан астам адамға қысқарғанына қарап жыл өткен сайын азаю қарқынының төмендегенін байқауға болады. Өткен жылдың қыркүйек айында Қытай халық республикасында парламент қызметін атқаратын Бүкілқытайлық халық конгресі (НПК) зейнеткерлік жасты арттыру бағытындағы құжатты мақұлдады. Мұндай шара 1950 жылдардан бері алғаш рет орын алып отыр. Ерлер қазіргідей 60 емес, 63 жаста, ал әйелдер 58 жасында, басқарушы лауазымдағылар 55 жасында зейнетке шығады. Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африкатану институтының директоры Алексей Масловтың айтуынша, аса маңызды жоғары технологиялық салаларда маман тапшылығын болдырмау үшін зейнеткерлік жасты көтеруде. Атап айтқанда, ол 2030-шы жылдардың ортасында республикада 350 миллионнан астам зейнеткер болатынын атап өтті. Мұндай шаралар мемлекеттік зейнетақы жүйесіне түсетін ауыртпалықты ішінара төмендетуге мүмкіндік береді