Қытай билігі технологиялық компанияларды бақылаудың жаңа тәсілін тапты
Қытай билігі технологиялық компанияларды бақылаудың жаңа тәсілін тапты
2 жыл бұрын 1258 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Tingshu Wang / Reuters

Қытай билігі елдегі аса ірі технологиялық компанияларды бақылауда ұстау үшін тактиканы өзгертпек. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бейжің технологиялық алпауыттарды бақылауға алуға көмектесетін жаңа әдісті тапты – билік ірі технологиялық компаниялардың жергілікті бөлімшелеріндегі шағын үлестерді сатып ала бастады. Бұл арада Alibaba және Tencent компаниялары турасында сөз болып отыр. Басылым атап өткендей, акцияны сатып алу (көбінесе бір пайыз ғана) «алтын акцияны» алумен бірдей. Яғни, мұндай мәмілелер мемлекетке белгілі бір шаруашылық шешімдерді қабылдауға ерекше құқық береді. Мысалы, мемлекетке мазмұнды (контентті) басқаруға мүмкіндік береді. Қытай өз компанияларына бірнеше рет соққы бергенін айта кету керек, бұл жайт өз кезегінде технологиялық стартаптардың шетелдік қаржыны тартуына кедергі келтірді және олардың шетелдегі биржаға шығуын қиындатты. Мұның бәрі технологиялық компанияға тиесілі акциялар құнын айтарлықтай төмендетті. Өткен 2022 жылы қытай миллиардарлері жалпы млшері 620 млрд долларын жоғалтты.

0 пікір
Мұрағат