|
Қырғыздар Қазақстан сияқты цифрлы валютаға емес, криптовалютаға артықшылық береді. Неге?
|
Бірқыдыру елдердің (соның ішінде Ресей Федерациясы, Қазақстан республикасы да бар) орталық банктері цифрлы валюта жобасын қолға алып жатыр. Ал қырғыздар бұл тарапта өзге жолды таңдап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде coinspot.io дерек көзіне жөн сілтеген cryptonews.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қырғыз билігі мемлекеттік цифрлы валютаның орнына алтынмен қамтамасыз етілген немесе кепілдендірілген USDKG — стейблкоин енгізуді жөн көріп отыр.
Таяуда аталмыш жоба MetaMask және басқа да блокчейн шешімдері бойынша жұмысымен танымал «Consensys Digital» командасы тарапынан аудиттен өтті. Тексеру нәтижесі USDKG смарт-келісім-шарттарының қауіпсіздігін растады. Бұл жайт мұндай жобаны қабылдауға ықпал етті.
Қырғызстан CBDC-дан неге бас тартты? Өз валюталарының сандық нұсқаларын әзірлейтін елдерге қарағанда (сандық юанымен Қытай, сандық рублі бар Ресейге қарағанда), Қырғызстан CBDC-ге күмәнмен қарайды.
Негізгі қарсы дәлелдері:
• Орталықтандырылған бақылау - мемлекет азаматтардың транзакцияларына толық қол жеткізе алады;
• Құпиялылығына қатысты қатер - пайдаланушылар қаржылық тәуелсіздігін жоғалтады;
• Шектеулі артықшылықтар - мемлекеттік цифрлық валюта құбылмалылық проблемасын шешпейді;
• Оның орнына қырғыз билігі ERC-20 стандартында жұмыс істейтін алтын бағасына байланған USDKG токенін қолдады.
Негізгі артықшылықтары:
• Жаһандық қол жеткізу мүмкіндігі - активті халықаралық есеп үшін пайдалануға болады;
• Ашықтық - токендер қозғалысы блокчейнде бақыланады;
• Тұрақтылық - алтын тарихи құндылығын көптеген фиаттық валюталарға қарағанда жақсы сақтайды.
Consensys аудиті не көрсетті?
USDKG аудитін блокчейн жобаларының қауіпсіздігіне машықтанған Consensys Diligence командасы жүргізді. Тексеру барысында:
• Кодтың дұрыстығы - смарт-келісімшарт келісілгендей (әуел баста айтылғандай) жұмыс істеуі үшін;
• Қауіпсіздік - қауіпті шабуылдар мен осалдықтардан қорғау.
• Жобаның мақсаттарына сәйкестігі - келісімшарт толық функциямен қамтылады, соның ішінде қара тізім, compliance және басқа да мәлімделген мүмкіндіктер.
Талдау барысында бірнеше елеусіздеу осал тұстары табылды, оларды команда жедел түрде түзеді:
• transferFrom () функциясында бұғатталған пайдаланушыларға транзакция жасауға мүмкіндік беретін қара тізім ескерілмеген;
• Басқаруда ақауға әкелуі мүмкін owner және compliance нөлдік мекенжайлары үшін валидация болмады.
Түзетулерден кейін Consensys USDKG смарт-келісімшарттарының қауіпсіздігін растады: бұл жобаны іске қосуды жақындата түскен.
USDKG қалай жұмыс істейді?
Токен құрылымы:
• Owner - токендерді шығару мен “жағуды” басқарады;
• Compliance Team - санкциялық тізімдерді бақылайды және қажет болған жағдайда активтерді бұғаттай алады;
• Blacklist - күдікті әмияндарды шектеу тетігі.
Басқару үшін қауіпсіздік деңгейін арттыратын Gnosis Safe мультиподжазбасы пайдаланылады. Consensys елеулі осал тұстарды болдырмау үшін Safe нұсқаларын үнемі жаңартуды ұсынады.
Неге Қырғызстан алтынға сүйенеді?
Қырғызстан алтын қорына бай және асыл металды сандық активке айналдыру экономикалық пайда әкелуі мүмкін.
Әлеуетті артықшылықтары:
• Шетелдік инвестицияларды тарту - алтын капиталды сақтаудың танымал құралы болып қала береді;
• Қаржы ағындарының ашықтығы - блокчейн бақылау мен аудитті жеңілдетеді;
• Құбылмалы криптовалюталарға тәуелділікті төмендету - алтынмен қамтамасыз етілген актив неғұрлым тұрақты.
Ары қарай не болмақ?
USDKG жобасы ресми іске қосылуға жақын. Билік банктермен, қаржы мекемелерімен, бәлкім, халықаралық инвесторлармен интеграцияны жоспарлап отыр. Десе де назардан тыс қалмауы тиіс маңызды мәселелер:
• USDKG қамтамасыз ететін алтын қайда және қалай сақталады?
• Өтімділік қалай қамтамасыз етіледі?
• Әлемдік реттеушілер қырғыздардың бұл жобасына қалай қарайды?
Егер бұл жоба жүзеге сәтті асса, басқа елдер тек алтынмен ғана емес, басқа да активтермен (күміс, мұнай, пайдалы қазбалар) қамтамасыз етілген токендерді іске қосу арқылы Қырғызстаннан үлгі алуы мүмкін. Consensys аудиті USDKG - кезекті тәжірибе емес, маңызды жоба екенін растайды. Бұл оны крипто индустриясындағы CBDC баламасының ең қызықты мысалдарының біріне айналдырады