Құстардың 90 пайызының асқазанынан пластикалық заттар табылды
Құстардың 90 пайызының асқазанынан пластикалық заттар табылды
9 жыл бұрын 5174

Австралия мен Ұлыбритания экологтары әлемдік мұхиттың жаппай ластануына байланысты дабыл қақты. Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, теңізде тіршілік ететін құстардың 90 пайызының асқазанынан пластикалық заттар табылған. Бұл жайында Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымында айтылған. Сондай-ақ, Австралияның мемлекеттік ғылыми және қолданбалы зерттеу  бірлестігінің сайтынан білуге болады аталған мәселеге қатысты мәліметті. Ғалымдар Үнді, Атлант және Тынық мұхиттарында балықпен қоректеніп, тіршілік ететін  құстардың 186 түрін зерттеген екен. 1962-2012 жылдар аралығында жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, құстардың 135 түрінің 80-і (59 пайызы) пластикалық заттарды тұтынғаны анықталған. Яғни, олардың асқазанынан пластикалық заттар шыққан. Теңіздің ластануынан, яғни, әлгіндей себептермен өлген құстардың қарасы күрт артқан. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, әлемдік мұхитта тіршілік ететін құстардың 99 пайызының асқазанынан 2050 жылға қарай пластикалық қалдықтар табылатын болады. Қоршаған ортаны қорғаушылардың айтуынша, әлемдік мұхит орташа есеппен 580 мың пластикалық заттармен ластанады.

0 пікір
Мұрағат