Қоры 1 млрд тоннаға жететін мыс кені табылды
Қоры 1 млрд тоннаға жететін мыс кені табылды
4 жыл бұрын 3146 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Иранның ұлттық мыс компаниясының (NICIC) атқарушы директоры Ардешір Саад Мұхаммед ел аумағынан қоры 1 млрд тоннаға жететін мыс кені табылғанын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы парсы елінің IRIB ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен 1399 (наурыз айының 20-ы күні аяқталған иранша күнтізбе бойынша) жылы NICIC мамандары бүкіл ел аумағында 101 000 тереңдікке дейін бұрғылау жұмыстарын жүргізген еді, нәтижесінде еңбек еш кетпей осынша ен байлақтың үстінен түсті. Ал Tehran Times ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, аталмыш мыс кеніндегі қор 350 трлн риалға (8,3 млрд доллар) бағаланып отыр. Бұдан бөлек, NICIC мамандары аталған кен орнынан өзге тағы 523 млн тонна қоры бар мыс кенін тапқан. 2019 жылы. Осылайша шиғалар елінің жалпы мыс қоры бүгінде 40 млрд тоннадан асып түскен. Осылайша аталған ел мыс қоры бойынша әлемде етінші орынға көтерілген. Осылай деген ол елде катодты мыс өндірісі рекордтық деңгейге жеткенін жеткізді: өткен жылы 280 000 тоннадан аса өндірілген. Бұл көрсеткішті арттыру үшін үш ірі жоба қолға алынып, мыс өндірісін жылына 400 000 тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Яғни, жылына мыстан түсетін табысты 800 млн долларға жеткізбек. Алдағы уақытта NICIC жалпы сомасы 2,4 млрд еуродан асатын және 300 трлн риалға (шамамен 7,1 млрд доллар) бағаланған, төрт жылға арналған жобалар жүзеге асырылып, мыс концентратының өндірісін 2,3 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр.

0 пікір
Мұрағат