ПОЛИЦЕЙЛЕР ИСЛАМ КУРСЫНАН ӨТЕДІ
ПОЛИЦЕЙЛЕР ИСЛАМ КУРСЫНАН ӨТЕДІ
8 жыл бұрын 2512 e-islam

Муниципалдық биліктің жаңа бастамасы аясында Бельгия астанасы Брюссельде 2017 жылдың ақпан айынан бастап құқыққорғау қызметкерлеріне арналған ислам курстары іске қосылады.

BX1 бельгиялық телеарнаның хабарлауынша, курстың басты мақсаты – Бельгияның мұсылман аудандарындағы полицияның қызметін реттеу. «Мұсылмандармен қарым-қатынаста келіспеушілікті қалай болдырмауға болады немесе шиеленісті реттеу» деп аталатын курс барысында полиция офицерлері сегіз сағат дәріс алады. Дәрісте исламдағы негізгі ұғым-түсініктер, догмалық мәселелер, дін философиясы, сондай-ақ, 1960 жылдан бері Бельгияға қоныс аударған босқындар тарихы қамтылады. 

«Бұл тренингтер полицейлер үшін көптеген мәселелерді дұрыс шешуге көмектеседі. Құқыққорғау органы сапалы жұмыс істеу үшін ислам діні туралы базалық білім алуды жөн санайды» деп мәлімдеді Брюссель қалалық кеңесі өкілі Аннеми Маэ.

Жергілікті билік өкілінің айтуынша, жаңа жоба полицейлер мен мұсылман қауымы қарым-қатынасын реттеп қана қоймай, жастар арасындағы радикалдану, террористік қауіп-қатердің алдын алуға ықпал етеді. 

0 пікір
Мұрағат