Пентагон Таяу Шығыста нақты қанша бейбіт тұрғынның АҚШ кінәсінен қаза тапқанын жасырып отыр
Пентагон Таяу Шығыста нақты қанша бейбіт тұрғынның АҚШ кінәсінен қаза тапқанын жасырып отыр
8 жыл бұрын 3198

Пентагон Сирия мен Иракта, сондай-ақ, Ауғанстанда АҚШ бастаған халықаралық  одақтастардың әуеден жасаған шабуылынан нақты қанша бейбіт тұрғынның қаза тапқанын жасырып, әскери операция кезінде оққа ұшқандар мен әуе соққысынан опат болғандардың санын кемітіп көрсетіп отыр. Бұл жайында Military Times ақпарат көзі хабар таратты. Аталған басылымның хабарына қарағанда, Пентагон қасақана шабуылдан немесе қателіктің салдарынан қаза тапқандардың санын ғана емес, сонымен қатар, әскери жорықтарға қанша қаражат жұмасағандарын да жария етпей отыр. Пентагонның есебіне қарағанда, АҚШ бастаған коалиция 2016 жылы Ауғанстанда 465 әуе шабуылын жасаған, нәтижесінде 199 бейбіт тұрғын ажал құшқан. Алайда, аталған есепте тікұшақтар мен ұшқышсыз басқарылатын аппараттардан берілген соққылардан қанша адамның көз жұмғаны турасында дерек жоқ. 

0 пікір
Мұрағат