Парсылар төл валютасының атауын өзгертті
Парсылар төл валютасының атауын өзгертті
5 жыл бұрын 4336 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран билігі ұлттық валютасын ендігі жерде «риал» деп емес, «туман» деп атауға шешім қабылдады. Шиғалар елі мұндай қадамға ел тұрғындарының күнделікті өмірде «риал» атауын қолданбайтыны үшін барып отыр. Тек қағаз жүзінде ғана аталғаны болмаса, былайғы жұрт төл ақшасын «туман» атап кеткен. Қаржы мекемелері мен банктердегі қателіктердің көбісі осы валютаның ресми атауымен аталмайтынынан орын алып жатады. Бұдан тек банк пен қаржы мекемелері ғана емес, сонымен қатар, қарапайым халықтың өзі зардап шегіп жатады. Осындай олқылыққа жол бермесі үшін бұдан былай ауызекі тілде болса, қағаз жүзінде болсын, тек «туман» деп атауға ұйғарып отыр. Десе де бұл шара ядролық бағдарламасына байланысты санкция астында кенжелеп қалған экономикасының дамуына да, елдің қаржы жүйесіне де, инфляция деңгейін төмендетуге де берері шамалы. Бар артықшылығы - есеп айырысқанда шатаспау үшін қолайлы нұсқасын қолдануда жатыр. Иран парламентінің ұлттық валютаның атауын өзгерту әрі деноминаттау туралы қабылдаған заңына сәйкес 1 туманға 10 мың риалды айырбастауға болады. Осылайша ұлттық валюта номиналы төрт нөлге кемітілді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, 1932 жылға дейін Иранда төл валюта «туман» аталған болатын.

0 пікір
Мұрағат