Пәкістан экономикасын нығайтуға көмектесетін жоба қолға алынды
Пәкістан экономикасын нығайтуға көмектесетін жоба қолға алынды
3 ай бұрын 599 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Пәкістан Белужстан аумағындағы Реко Дик алтын-мыс кен орнын игеру үшін Азия даму банкінен 410 млн доллар қаражат алды. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Реко Дик кеніші – әлемдегі игерілмеген ең ірі кен орны. Бұл қаржы канадалық Barrick Gold тау-кен компаниясы үшін алынатын 300 млн мөлшеріндегі несиені және кен орнын игеруді жеделдетуге, сондай-ақ, жобаның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған Белужстан билігінің акционерлік компонентін жабу үшін 110 млн доллар мөлшеріндегі ішінара кредиттік кепілдікті қамтиды. Құны 6,6 млрд долларға бағаланған Reko Diq жобасы бірлескен кәсіпорын түрінде жүзеге асады;  Barrick Gold компаниясы 50% акцияға ие, ал федералдық және провинциялық үкіметтер қалған жартысына иелік етеді. Исламабад бұл жобаны өзінің минералдық секторында бетбұрыс тудыратын кезең ретінде қарастырады, әсіресе, табиғатта сирек кездесетін және стратегиялық пайдалы қазбаларды іздейтін жаһандық ойыншылардан шетелдік инвестицияларды көбірек тартатынына сенім артып отыр. Бірінші кезеңде Reko Diq жылына 800 000 тоннаға жуық мыс концентратын өндіруді көздеп отыр, ал өндірісті 2028 жылы бастайды. Болжам бойынша аталмыш кеніш Пәкістанға өзінің экономикасын нығайтуға және жаңғыртпалы энергия көздері, электрмен жүретін көлік пен цифрлы технологиялар үшін аса маңызды орын алатын мысқа деген өсіп келе жатқан әлемдік сұранысты қанағаттандыруға көмектесе отырып, 70 миллиард долларға тарта еркін ақша айналымын қамтамасыз ететін болады. Ең бастысы – бірнеше мың жұмыс орны ашылып, экономиканы әртараптандыру бағытында ірі жобалар жүзеге асырылады. Бұдан басқа, жобаға Халықаралық қаржы корпорациясынан, Бүкіл әлемдік банктің жеке инвестициялық бөлімшесінен 700 млн доллар қаржы тартты. Бұдан бөлек, Америка құрама штаттарының Экспорттық-импорттық банкі, Канаданың экспорттық даму және жапондық JBIC сияқты мекемелер да жобаға атсалысады.

0 пікір
Мұрағат