Пәкістан да криптовалютаны заңдастыру қамына кірісті
Пәкістан да криптовалютаны заңдастыру қамына кірісті
9 ай бұрын 1359 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Пәкістан цифрлы активті қадағалайтын криптовалюта жөніндегі ұлттық кеңес құрады. Бұл жайында islam.kz порталы coinedition.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өйткені, аталған елде цифрлы активті пайдаланушылар қарасы 20 млн-нан асып кетті. Осы уақытқа дейін, Пәкістанның мемлекеттік банкі криптовалютаны заңдастыруға қарсы болып келген еді. Ақпан айының 25-і күні қаржы министрлігі цифрлы активті қадағалайтын криптовалюта жөніндегі ұлттық кеңес құратынын жария етті. Осылайша Пәкістан да жаһандық қаржы саласындағы технологиялық мүмкіндікті пайдаланып, әлемдік қаржы стандарттарына сәйкес әрекет етуге көшпек. Ең алдымен аталған ел билігі цифрлы активті қолданысқа енгізу мен басқарудың әрі реттеудің кешенді шаралары әзірленеді, сонан соң қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қатерді азайту тетіктері қарастырылады. Соның ішінде цифрлы активті жымқырудың немесе адамзатқа зиянды әрекеттерге (мәселен, терроризмды қаржыландыру) жұмсалмаудың жолдарын қарастырады. Бұл тарапта аталған ел өзге мемлекеттермен тәжірибе алмасу үшін ынтымақтасуға дайын.

0 пікір
Мұрағат