Өзбекстанда дәрігерлерге жұмыста шариғат шәлісін жамылып жүруіне рұқсат берілді
Өзбекстанда дәрігерлерге жұмыста шариғат шәлісін жамылып жүруіне рұқсат берілді
3 жыл бұрын 2365 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өзбек билігі елдегі денсаулық сақтау саласының өкілдеріне хижап пен өзге де діни киімдер киіп келуіне ресми рұқсат етті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде депуат Расул Көшербаевтың Телеграм арнасындағы жазбасына жөн сілтеген fergana.agency ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Депутат республиканың денсаулық сақтау министрі Бекзада Мұсаевтың медициналық мекемелерде дәрігерлер мен медбикелердің жұмыс орнына наным-сеніміне байланысты киім киіп келуіне 2016 жылы салынған тыйымның күшін жоятын бұйрығын аталған әлеуметтік желідегі жазбасында жариялады. Бұдан бөлек, Руслан Көшербаев қолданыстағы ел заңнамасының тұрғындар мен азаматтарға діни сеніміне байланысты киініп жүруіне тыйым салмайтынын мәлімдеген. Сөз орайы келгенде айта кету керек, өткен жылдың шілде айында мемлекет басшысы Шавкат Мирзеев «Наным-сенім және діни бірлестіктер бостандығы туралы» заңның жаңа редакциясына (яғни, түзетілген нұсқасына) қол қойған болатын. Аталмыш құжат діни ұйымдарды тіркеу және олардың қызметін тоқтату тәртібін жеңілдетеді, сондай-ақ, діни парызын орындағысы келетін азаматтардың еркіндігіне кепілдік береді, қоғамдық орындарда діни киім киюге қатысты шектеу алынды. Ал осы заңнаманың жаңартылған нұсқасында айтылғандай, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың киім үлгісі ішкі актілермен реттеледі. Осы заң қабылданбай тұрғанда қоғамдық орындарды діни киіммен жүрген адам 15 тәулікке дейін абақтыға жабылатын немесе ірі мөлшерде айыппұл салынатын. 2021 жылдың қыркүйек айында Өзбекстанның халыққа білім беру министрлігі оқушы қыздарға мектеп қабырғасында шариғат шәлісімен немесе тақиямен (ұлттық киіммен) жруге рұқсат еткен еді. Оқушы қыздың басына тартылатын орамал ашық түсті болуы керек деген талап қойылды.

0 пікір
Мұрағат