Өзбекстанда байларға арнайы салық жүйесі енгізіледі
Өзбекстанда байларға арнайы салық жүйесі енгізіледі
5 күн бұрын 1137 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанның салық комитеті табысы жоғары жекелеген тұлғаларға салық салудың арнайы шарасын әзірлеп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өзбектердің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Салық комитеті төрағасының бірінші орынбасары Мүбін Мырзаев сәуір айының 1-і күні ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінде (АОКА) өткен баспасөз жиынында хабарлағандай, жаңа жүйе бай азаматтардың табыстарына ел ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де салық салуды көздейді. "Егер Өзбекстан халқының саны 38 миллионға жуық адам десек, олардың 18 миллионнан астамы табысқа ие және салық төлеуге міндетті. Біз бұл топты саралап, ең көп табысы бар жеке тұлғалардан салықтарды тиімді жинау үшін арнайы шаралар әзірледік. Толық дерекқор қалыптастырылады, соның арқасында бірде-бір адам салық төлеуден жалтару үшін өз табысын төмендете алмайды немесе бұрмалай алмайды ", - деп атап өтті ол. Жаңа бастамаға сәйкес, егер Өзбекстан резиденті шетелде табыс тапса, ол тиісті салықты ел ішінде төлеуге міндетті болады. Резидент еместерге қатысты салық комитеті қосарланған салық салуды болдырмау үшін шетелде салық төлегенін ескеретін болады. Осы орайда 2027 жылдан бастап Өзбекстанда әртістер мен шығармашылық кәсіп өкілдері үшін табыс салығын енгізу жоспарланғағынын айта кетпекпіз.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4