Өзбекстанда алғаш рет криптоактивке қатысты істерді жүргізетін компанияға лицензия берілді
Өзбекстанда алғаш рет криптоактивке қатысты істерді жүргізетін компанияға лицензия берілді
9 ай бұрын 1168 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанда «CITY PAY GATE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің біріккен кәсіпорнына ел аумағында крипто-депозит пен криптодүкен қызметін жүргізуге лицензия берілді. Бұл жайында islam.kz порталы fintech-retail.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тиісті ақпарат ресми түрде Өзбекстанның алдыңғы қатарлы неимесе келешегі зор жобалар жөніндегі ұлттық агенттігінің (ҰАПП) сайтында жарияланатын лицензиялардың электрондық тізіліміне енгізілді. Осылайша, «CITY PAY GATE» компаниясы крипто-активтерді сақтау қызметін ұсыну, сондай-ақ, оларды лицензияланған крипто-дүкен арқылы сатумен байланысты операцияларды жүргізу құқығына ие болды. Өзбек билігінің мұндай шешімі Өзбекстанның реттелетін криптовалюталық нарықты дамытуға және цифрлы активтерді пайдаланушылар үшін қауіпсіз жағдай жасау талпынысын көрсетеді.

0 пікір
Мұрағат