Өзбекстан президенті қасиетті Құранға қолын қойып ант берген
Өзбекстан президенті қасиетті Құранға қолын қойып ант берген
3 жыл бұрын 2994 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қараша айының 6-сы күні Өзбекстан республикасының президенті қызметіне кірісу салтанаты болып өтті. Бұл жайында islam.kz порталы өзбек бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Екінші мерзімге сайланған Шавкат Мірзеев Өзбекстан орталық сайлау комиссиясының келтірген дерегіне қарағанда 80%-дан астам дауысқа ие болған. Шавкат Мірзеев инауграцияда қолын қасиетті Құран мен Конституцияға қатар қойып тұрып ант берген. Мұндай тәжірибе бұрыннан бар болғанымен сирек кездеседі. Яғни, қос кітаппен ант беру рәсімі турасында сөз болып отыр бұл арада. Мәселен, Akhbar alkhaleej ақпарат көзінің хабары бойынша өткен жылы Сириядағы халықтық кеңес мүшесі болып қызметіне кіріскен Әріп ат-Тәуіл де қолын қасиетті Құран мен Інжілге қойып ант берген болатын. Өйткені, ол христиан. Алайда, мұсылман елінде осындай жауапты қызметке кірісу үшін қос кітаппен ант беруіне тура келген еді. 

0 пікір
Мұрағат