Oxfam: Әлем байларының 1%-ы дүниежүзінің жарты байлығына ие
|
Ең бай адамдардың 1 пайызы - бұл шамамен 73 миллионға жуық адамның байлығы қалған күллі адамзаттың барша байлығымен теңесті, деп хабарлады британдық "Oxfam" қайырымдылық ұйымы.
"Би-Би-Си" агентігінің хабарлауынша, "Oxfam" қоры әлемдегі ең бай 62 адамның активтері жер бетіндегі барлық кедейдің иеленетін активтеріне тең екендігін есептеп шығарған. Бір қызығы, 2010 жылы 388 бай адамның әл-ауқаты күллі халықтың 50 пайызының әл-ауқатымен тең болып шыққан еді.
Осы мәліметтерді есептегенде аталмыш ұйым әлемдік ірі банктердің бірі - "Credit Suisse"" банкінің қазан айындағы деректерін пайдаланған.
Oxfam ұйымы елемдегі ықпалды адамдар бас қосатын Давоста өтетін Дүниежүзілік экономикалық форум қарсаңында әлемде өсіп келе жатқан әлеуметтік теңсіздікке назар аудартуға тырысуда.