Өткен жылы мигранттар үшін 20 млрд еуроға шығындалған
|
Германияның федералды үкіметі 2016 жылы босқындар үшін 20 млрд еуро қаржы жұмсаған екен. Бұл жайында Rheinische Post ақпарат көзі хабар таратты. Тарқатып айтқанда, 9,3 миллиард босқындармен тікелей байланысты шығынға жатқызылса, 5,5 млрд еуро мигранттарға қолдау көрсету мақсатында жұмсалған. Тағы екі миллиард еуро интеграцияға қатысты іс-шараларға кеткен, ал 400 млн еуро жатақхана мен өзге құрылыс жұмыстарына жаратылған. Тағы 11 млрд адамдардың өз елінен қоныс аудармасы үшін бөлінген. Босқындар ісін үйлестіруші, федералды канцлер ведомствасының жетекшісі Петер Альтмайердің айтуынша, кәрі құрлыққа ағылған мигранттар қарасы азайып келеді. Айта кетейік, 2015 жылы аталған елге Таяу Шығыс елдерінен шамамен миллионға тарта мигрант келген. Ал 2016 жылы олардың қатары 280 мың адамға дейін кеміген.