Өткен жылдың табиғи апаттарынан адамзаттың қанша шығынға батқаны есептелді
Өткен жылдың табиғи апаттарынан адамзаттың қанша шығынға батқаны есептелді
5 сағат бұрын 80 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Michael Ho Wai Lee / Globallookpress.com

2024 жыл қорытындысы бойынша күллі әлемде табиғи апаттардан келген шығын 19,4-ға артып, 320 млрд долларға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы немістердің Munich Re деп аталатын қайта сақтандыру компаниясының деректеріне сілтме ежасай отырып мәлім етеді. Өткен жылғы шығын 1980 жылдан бері бесінші ірі шығын болды. Жалпы шығын ішінде сақтандырылған мүлік 2023 жылы 106 млрд долларға бағаланса,  2024 жылы 140 млрд долларды құрады. Сақтандырылған шығындар көлемі бойынша өткен жыл тарихта үшінші орын алды.Аталмыш ұйым мәліметіне қарағанда, жаһандық жылынудан орын алған дүлей дауыл мен боран, су тасқыны, құрғақшылық жиілігі артқан. Сел-тасқыннан, орман өртінен және дүлей дауылдан келген шығын 136 млрд долларға жеткен, бұл көрсеткіш оның алдындағы жылғы шығыннан төмен (143 млрд доллар); алайда, 10 жылдық орташа көрсеткіштен 110 млрд жоғары. Тропиктік циклондардан келген залал - 135 млрд доллар.

0 пікір
Мұрағат