Орыстар Сириядағы соғыста 200-ден аса қару түрін сынақтан өткізген
Орыстар Сириядағы соғыста 200-ден аса қару түрін сынақтан өткізген
7 жыл бұрын 4380 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сириядағы әскери операция кезінде орыстар 200-ден аса қару түрін сынақтан өткізген. Бұл жайында Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің әскери-ғылыми комитетінің жетекшісі, генерал-лейтенант Игорь Макушев жайып салды. "Алғаш рет іс жүзінде отандық әскери-теңіз флотының ұрыс қимылдары жағдайында "Калибр" қанатты зымыранын жаппай іске қостық, соның ішінде, су астындағы жағдайда суасты кемесінде",- деп тәжірибесін бөлісті ол. Генерал лейтенант осылай дей келе Сириядағы майдан даласында сынақтан өикізілген барлық қару тиімділігін көрсеткенін мақтана жеткізді. Айта кетейік, бұрындары РФ қорғаныс министрінің орынбасары Юрий Борисов Сириядағы әскери ұрыс қимылдары кезінде 600-ден аса ресейлік қару түрін сынақтан өткізгенін мәлімдеген болатын. "Біздің өнеркәсіп ұсынғандардың үлгісін полигондарда қанша жерден сынақтан өткізгенімізбен нақты ұрыс кезінде сынап көргенге жетпейді. Сириядағы жанжалды біздің қорғаныс өнеркәсібі әзірлеген жаңа қару түрлерін түгел дерлік полигон ретінде пайдаланғанымызды жасырмаймыз. 600-ден аса қару үлгісі сириялық жанжал арқылы сынақтан өткізілді"- деген еді ол сол кезде. Лондон қаласында орналасқан сириялық адам құқығы обсерваториясы келтірген мәлімет мен таратқан дерегіне қарағанда, ресейліктер жүргізген әскери операция кезінде 9300-ден аса адам қаза тапқан. Ресейдің оғынан. Қаза тапқандардың 3800-і бейбіт тұрғындар. Бұған қоса, ресейліктердің әскери шабуылынан 20 мың бейбіт тұрғын түрлі деңгейде жарақат алған. Ресми дерек осындай, ал бейресми мәліметте бұдан да көп екені айтылған. 

0 пікір
Мұрағат