Ораза кезінде ысырапшылдықпен күреспек
|
Саудия қоғамы азық-түлікке жылына шамамен $44 млрд доллар жұмсайды. Бұл мәліметті саудиялық қаржы мекемелерінің ақпараттық және операциялық жұмыстарына жауапты комитеттің бас хатшысы Тала-а-ат Хафез жайып салды. Бұл жайында Аl-Arabiya басылымы хабар таратты. Оның келтірген мәліметіне қарағанда, осы шығынның шамамен 30%-ы ($15 млрд-қа жуық қаражат) қасиетті Рамаз айында жұмсалады екен. Экономика сарапшысы Мұхаммед әл-Мүслімнің айтуынша, бұл айда тағам түрлеріне жұмсалатын шығын өз-өзін ақтай бермейді, өйткені, оның көбісі желінбей қалады да қоқысқа тасталады екен. Бұл өз кезегінде қасиетті оразаның хикметіне, жалпы, ысырапшылдықты құптамайтын дініміздің үкімдеріне қайшы келеді. Оның айтуынша, ораза ұсталуы тиіс қасиетті Рамазан айы бірыңғайда тамақ ішіп-жеу мен ұйқы соғу айына айналып кеткен.