Оңтүстік-шығыс Азиядғы мұсылман еліндегі байкот батыс компанияларының табысын күрт төмендетті
|
Unilever және Израилмен байланысы бар басқа да корпорациялардың өніміне жарияланған бойкот Индонезия нарығындағы батыс компанияларының үлесін көп кемітті, соның ішінде Оңтүстік-Шығыс Азияның ең ірі экономикасындағы тұтыну тауарларының саудасы төмендеп кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы yenisafak.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылдың қараша айының өзінде Unilever өкілдері Индонезия нарығындағы үлесі 34,9%-ға дейін төмендегенін мәлімдеді. Ал бұл көрсеткіш оның алдындағы жылғысымен салыстырғанда 38,5% болатын. Жакартада тіркелген аталмыш компанияның бизнесі 2023 жылы 2,39 млрд долларды құрады, бұл сан жалпы сатылымының 3,8%-ын құрайтын көрсеткіш. Unilever компаниясының Axe deodorant өнімі, Cornetto балмұздағы, Royco қоспалары секілді брендтермен аты шыққан іргелі компания. Kantar зерттеу компаниясының дерегіне қарағанда, Unilever Royco, Lifebuoy және Sunlight брендтері Индонезия аумағындағы алғашқы он брендтің құрамына кірген екен 2020 жылы. Алайда, COVID-19 пандемиясы кезінде Unilever өз өнімдерінің бағасын күрт өсірген – жұқпалы індеттің тралуына жол бермес үшін карантин режіміне байланысты шығынын жабу үшін. Ал 2023 жылы алғашқы он бренд құрамында тек Royco қоспасы ғана қалған. Индонезияның 280 миллион халқының 87%-ға жуығы мұсылман, ал Палестинадағы Израилдің басқынышылығына наразы топтар мен бағдарламалар адамдарды батыс брендтеріне, соның ішінде Unilever қалыптастырған брендтерге байкот жариялауға шақырды. Байкот науқанына орай жасалған қосымшалар тұтынушыларға тауарлардың штрих кодын сканерлеу арқылы қандай комнаияның өнімі екенін анықтауға мүмкіндік береді. Өткен жылдың ІІІ тоқсанында Unilever компаниясының тұрмыстық қызмет көрсету және жеке тауарлар бөлімшесінің саудасы 20,8 пайызға төмендеп кетті. Азық-түлік және алкоголсіз сусындар саудасы 13,3%-ға кеміген.