Музей табысы ауыл шаруашылық өнімдерінен түскен пайдамен теңескен ел немесе музейімен-ақ мал табудан алдына қара салмаған ел
Музей табысы ауыл шаруашылық өнімдерінен түскен пайдамен теңескен ел немесе музейімен-ақ мал табудан алдына қара салмаған ел
5 жыл бұрын 4239 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Италияның мемлекеттік музейлерінің аталған елдің жалпы ішкі өніміне қосқан үлесі сол елдің күллі ауыл шаруашылық өнімдерін сатудан түскен табыспен шамалас болған. Яғни, мәдениеттің бір ғана тармағынане түскен табыс күллі ауыл шаруашылық өнімдерінен түсетін табысқа тең. Бұл жайында Askanews ақпарат көзі Италияның мәдениет министрі Дарио Франческини келтірген мәліметке сілтеме жасай отырып хабар таратты. Аталған елдің мемлекеттік музейлері жалпы ішкі өнімнің шамамен1,6%-ын қамтамасыз еткен, Италия аумағындағы музейлердің 90%-ы жекеменшік екенін ескерсек, сол елдегі музейлердің барлығының табысын есептесек, бір ғана музейлерден түскен табыс басқа салалардан түсетін табыс мөлшерін әлденеше есе орап кетері сөзсіз. Ал ауыл шаруашылық өнімдерінің Италияның жалпы ішкі өнімдегі үлесі шамамен 2,1%. Бұл нені көрсетеді? Мәдениетті гуманитарлық мақсатта ғана емес, сонымен қатар, экономикалық мақсатта да инвестиция құюға болатынын көрсетеді. Италия Еуропада алма мен қызанақ өндірісі бойынша бірінші орынға шыққанына қарамастан аталған ел музейлерінің осыншалықты толағай табысқа жетіп отырғаны қуантады. 2017 жылы Италияда өсірілген алма кәрі Еуропалық одақ құрамындағы елдерде өсірілген барлық алманың 20%-ын құраған – 2,2 млн тонна. Сол мерзімде аталған ел аумағында өсірілген әрі жиналған қызанақ 6 млн тоннаға жеткен. Бұл ЕО құрамындағы елдердің бәрін қосқанда 39,9%-ды құраған көрсеткіш болды.

0 пікір
Мұрағат