|
Мұсылман емес елде «харам» жарнамаға тыйым салынуы мүмкін
|
Белоруссияда жартылай жалаңаш ер немесе әйел адам бейнеленген жарнамаға көп ұзамай заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін. Аталмыш елдің мыңдаған азаматтары осындай игі бастама көтеріп, қоғамға үндеу тастап, жарнама саласында мемлекеттің бірыңғай саясатын жүзеге асырумен айналысатын монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігіне белсенділердің қолдары қойылған үшбу хат жолданды. Онда жартылай жалаңаш ер немесе әйел адам бейнеленген жарнама «Қалыптасқан моралдық-әдеп қағидалары үстемдік еткен елдердің алдында Белоруссияның абыройын төгіп, тарихи-мәдени құндылық болып табылатын обьектіге дақ келтіреді, жыныстық азғындыққа итермелейді, балалардың бойында құндылықтардың қалыптасуына теріс ықпалын тигізеді, ең бастысы, әйелдің бейнесін тек төсек қатынасының құралы ретінде қалыптастырады»,- деп айтылған. Аталмыш министрлік белсенділердің талабына жарнамадағы тыйымдарды қарастыратын шектеулерді заңға енгізу мәселесін қарастыратынын айтып, жауап қатты.