Мұсылман елі чип өндірісінің ірі орталығына айналуды алдына мақсат етіп қойды
Мұсылман елі чип өндірісінің ірі орталығына айналуды алдына мақсат етіп қойды
5 ай бұрын 976 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Малайзия билігі интегралды микросұлба (IC) өндірісін ұлғайту туралы шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік-шығыс Азиядағы осынау мұсылман мемлекетінің экономика министрі Рафизи Рамли Ұлттық жартылай өткізгіш интегралды микросұлбаны дамыту паркінің ашылу салтанатты шарасында елдің жаһандық чип өндірісінде көшбасшы болуға ұмтылатынын мәлімдеді. Рафизи Рамли бұл бағытта бірнеше жоба мен бастама әзірленгенін жеткізді. Министр Малайзияның «қазіргі индустрия алпауыттары сияқты технологиялық индустрияда өз орнын алатынын» атап өтті. Бұл ретте аталмыш басқарма басшысы шетелдік компаниялардың технологиялық өнімдеріне көңілі толмайтынын мәлімдеді. Осылайша Малайзия ислам әлемінде осынау технологияны терең игеру бағытында алғашқы қадам жасайтын мемлекет ретінде алға шығуды көздеп отыр.

0 пікір
Мұрағат