Мұсылман елдеріндегі байкоттан трансұлттық корпорациялар шығынға ұшырауда
Мұсылман елдеріндегі байкоттан трансұлттық корпорациялар шығынға ұшырауда
5 ай бұрын 1341 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Газа дағдарысы салдарынан мұсылман елдеріндегі батыстың азық-түлік және сусын брендтеріне жарияланған бойкоттан, әсіресе, соңғы тоқсанда трансұлттық корпорациялар айтарлықтай зиян шегіп, шығынға батты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Financial Times ақпарат көзіне жөн сілтеген  IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Халық саны, яғни, тұтынушылар қарасы көп Мысыр, Индонезия, Сауд Арабиясы, Пәкістан, т.б. елдердің Газадағы соғыста Израилдің басқыншылық саясатын немесе әскери операциясын қолдаған батыс елдеріне наразылық білдіріп, әлемге әйгілі Coca-Cola, KFC, Starbucks, Mondelez және Pizza Hut сияқты компаниялардың өнімдеріне бойкот жариялауда. «Бұл оқиға бұрын-соңды болмаған оқиға. Бұл қақтығыстың ұзақтығы бұрын-соңды болмаған. Қарқындылығы бұрын-соңды болмаған», - деді Таяу Шығыс пен Қазақстанда KFC, Pizza Hut және Krispy Kreme сияқты брендтерді басқаратын Americana Restaurants бас директоры Амарпал Сандху. Бұл бойкот соңғы он жылдағы ең ауқымдысы;  әлеуметтік медиа, яғни, әлемжелі арқылы тарауымен корпорацияларға күйрете соққы бере алатындығын көрсетеді. Екінші тоқсандағы кіріс маусымында көптеген трансұлттық корпорациялар геосаяси шиеленіс туралы жалпылама мәлімдемелермен шектеліп, байкоттың нақты себебін тікелей айтудан жалтарған еді. Газа факторы туралы саусақпен санарлық бірнеше компания ғана ашық айтты. Азық-түлік өндіретін Mondelez компаниясының бас қаржы директоры Лука Зарамелла екінші тоқсанда табыстың өсу қарқыны 2%-ға төмендетегенін жеткізді. Ал опа-далап индустриясында ойып тұрып орын алған L'Oréal компаниясы жылдың бірінші жарты жылдығында кіріс өсімі 2 пайызға кемігені туралы дерек келтірді.

0 пікір
Мұрағат